Алматыда фристайлдан Әлем Кубогының кезеңі аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Алматы қаласында фристайлдан Әлем Кубогының кезеңі аяқталды. Шешуші жарыс күні акробатика бағдарламасында үздіктер есімі белгілі болды.

Ерлер:
1. Ван Синьди (Қытай) 127.50 балл
2. Ное Рот (Швейцария) 126.70 балл, 2 дүркін әлем чемпионы
3. Ци Гуанпу (Қытай) 122.60 балл, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы;
Мұнда Ұлттық құрама спортшыларынан жақсы нәтижені Асан Асылхан көрсетті. Ол 101.01 ұпаймен 16-сатыға тұрақтады. Қалған спортшыларымыз көңіл көншітерлік көрсеткіштерге қол жеткізе алған жоқ.
Роман Погосян 26-орын
Шерзод Хаширбаев 27-орын
Ұланбәкір Өмірзақов 28-орын
Дінмұхаммед Райымқұл 32-орын
Әйелдер:
1. Лора Пил (Аустралия) 115.91 ұпай 2 дүркін әлем чемпионы
2. Сюй Мэнтао (Қытай) 101.74 балл Олимпиада чемпионы
3. Даниэль Скотт (Аустралия) 87.06 балл.
Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас 9-орыннан көрінді.
Айта кетейік, кеше фристайл-могулдан Анастасия Городко қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан 8 спортшы бақ сынады. Атап айтар болсақ, бапкерлер Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Денис Раструбалар ел намысын қорғады.
Спортшылар жарыс бағдарламасына сәйкес могул, параллельді могул және шаңғымен акробатика сайыстарында сынға түсті.
Жарысқа Аустралия, Канада, Қытай, Франция, Жапония, АҚШ және Қазақстанды қоса алғанда жалпы 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты.