Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, 1 адам қаза тапты

АЛМАТЫ. KAZINFORM —  Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза тапты.

газ ауа қоспасы
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алатау ауданы, Шапағат шағын ауданы Биянху көшесінде газ-ауа қоспасы жарылды.

Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

— Тұрғын үйдің құрылыстарын бөлшектеу кезінде 1949 жылы туған ер адамның денесі табылды. Жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, 23 мамыр Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында жарылыс болып, артынша өрт шыққаны туралы жазған едік. 

Кейін денесінің 70–80% күйік шалған төрт адамның да ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар