Алматыда газ құбыры жарылысынан екі адам зардап шеккен

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жерасты газ құбыры жарылып, жеңіл көлікте отырған екі адам зардап шекті.

Алматыда жеңіл көліктің астынан газ құбыры жарылды
Фото: t.me/almatynews

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азаматтар Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

— Барлық қажетті тексерулерден кейін оларға жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Тексеруден кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі, — деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласында Байзақов және Бұхар жырау көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылды.

Соңғы жаңалықтар