Алматыда газельге соқтығысқан мопед жүргізушісі қайтыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Алатау ауданында мопед мен газель соқтығысып, салдарынан мопед жүргізушісі мерт болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. 

Алматыда газельге соқтығысқан мопед жүргізушісі қайтыс болды
Фото: Polisia.kz

Оқиға бүгін 13:30-да Райымбек және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Зардап шеккен мопед жүргізушісі емханаға жеткізілген. Алайда ауыр жарақаттан емхана қабырғасында жан тапсырған.

– Мопед жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатып, Момышұлы көшесінің қиылысында газель маркалы көлікпен соқтығысты. Жарақат алған мопед жүргізушісі аурухана жатқызылды. Өкінішке қарай ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ПД.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар