14:42, 18 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматыда гранит плиталарды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Үлкен Алматы өзенінің жағалауында гранит плиталардың алынып, жеке аумаққа тасымалдануына байланысты тексеріс жүргізіледі.

Әлеуметтік желіде түнгі уақытта қаладағы гранит плиталардың құлыптас әзірлейтін цехке тасымалданып жатқаны туралы бейнежазба жарияланды.
Алматы қаласының полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғанын хабарлады.
- Қылмысты ашуға және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға бағытталған жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол жабыны опырылып, 13 автокөлік зақымданғанын жазғанбыз.