14:52, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматыда халықаралық рейстерге тек шетелдік авиаотын қолданылады — жағдай өзгере ме
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе айтты.

Ол әуежайда отандық авиаотын жетіспеушілігі бар екенін растады. Айтуынша, бұл мәселені алдағы уақытта шешу жоспарланып отыр.
— Қазақстанда өндірілген жанар-жағармай тек ішкі рейстерге қолданылады. Біз халықаралық рейстерді жергілікті авиаотынмен қамтамасыз ете алмаймыз. Шетелге ұшатын әуе кемелеріне біз ресейлік өнімді пайдаланамыз. Болашақта Қазақстан билігімен бірге бұл мәселені шешеміз деп үміттенеміз. Біріншіден, жергілікті авиаотын көлемін ұлғайту мәселесі тұр, — деді Гокер Косе.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда экологиялық авиаотын өндіретін зауыт салынатынын жазғанбыз.