Алматыда ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 10-15 қаңтар аралығында Алматыда өтетін оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді
Фото: Kazinform

Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша анықталады. 

Олимпиада бес күнге созылады және екі турдан тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған. 

Математика, физика және информатика пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 22-ші рет ұйымдастырылғалы деп отыр. Биыл аталмыш білім бәйгесі Алматы қаласында өтеді.

Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен алтын, күміс және қола медальдарға ие болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алматылық оқушылар арасында экологиялық челлендж басталды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум