Алматыда Хмельницкий көшесін ұзарту жұмыстары қашан басталады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тағы бір көше ұзарады. Қазір жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Қызылордада жол құрылысына қатысты екі техникалық қадағалаушы лицензиясынан айырылды
Фото: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы

— Жер учаскелерін сатып алғаннан кейін биыл Хмельницкий көшесін Қайрат шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін ұзартып салуды бастау жоспарда,— деді шаһар басшысы. 

Бұдан бөлек,осы жылдың мамыр айында Жас Қанат шағын ауданындағы 19 көшеде 3,5 км жаңа жол құрылысы қолға алынады. 

— Жұмыстарды 2025 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтаймыз. Сонымен қатар, биыл тамыз айында Ержанов көшесінің бойындағы теміржол жол арқылы өтпелі көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз,— деді ЕрболатДосаев.

Айта кетейік, Хмельницкий көшесін Талғар тасжолына дейін ұзарату жобасы қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспарында бекітілген

Бұған дейін Алматыда алты магистральды көше ұзартылатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар