Алматыда IT саласына 19,2 млн доллар инвестиция тартылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Еліміздегі IT компанияларының үштен бірі Алматыда орналасқан.

Алматы әкімдігінен атап өткендей, мегаполис дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Осы жолы Digital Almaty-2025 цифрлық форумына 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып жатыр.
– Қазақстанның IT-компанияларының үштен бірі Алматыда шоғырланған. Қала басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған ақылды қалаларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және тұрақты дамуды қоса алғанда, негізгі бағыттардағы стартаптарды дамытуға және қолдауға бағытталған Алматының ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасының арқасында тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн долларға жетті, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңге. 2 049 жұмыс орны ашылды,– деп хабарлады әкімдіктен.
Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.
Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды.
– 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды,– деп атап өтті әкімдіктен.
Халықаралық Digital Almaty форумы аясында мегаполистің цифрлық егізі қашан дайын болатынын айтылды.
Еске салайық, Алматыда Digital Almaty-2025 цифрлық форумы өтіп жатыр. Оған 40 мыңнан аса адам қатысуда.