Алматыда қала маңына қатынайтын тағы 2 жаңа автобус бағыты ашылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық мобилділік басқармасы Қарасай және Талғар ауданындағы елді мекендерді қамтитын екі жаңа маршрут ұйымдастырды.
Сыйымдылығы үлкен автобустар 25 желтоқсаннан бастап жолға шығады.
– «Мәдениет және демалыс саябағы – Ақтас кенті» бағыты бойынша №256 автобус жүреді. «Төлеби/Яссауи» автостанциясы» - Шамалған кенті» бағыты бойынша жолаушыларға №249 маршруты қызмет көрсетілетін болады. 7 автобус жүреді. Жол жүру құны 120 теңге. Барлық автобустар Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған,– деп хабарлады әкімдіктен.


Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, аталған маршруттар байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға уақытша беріліп, сынақ режимінде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жолаушылардың легі мен тұрғындардың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.
Осы күнге Алматыда 41 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын.
Сонымен қатар 13 қарашадан бастап «НұржасТранс» ЖШС №218, 238, 246, 248, 250, 255маршруттары берілді.
Келер жылы Алматыға электрмен жүретін 200 автобус сатып алынады.