Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа автобус бағыты ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгінен бастап Алматы қаласынан Есік кентіне дейін жаңа автобустар қатынайтын болды.

Алматы автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы маңындағы қоғамдық көлік қозғалысын дамыту мақсатында 15 қазаннан бастап №252 бағыт ашылды.

Бұл маршрут «Райымбек» метро бекетінен Есік қаласына дейін жүреді. Соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы. Жолаушыларға 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут.

Осы күнге Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. 

Жыл соңына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отыр.

Бұңан дейін қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин 2024 жылға қарай халықтың жайлылығы үшін 30 жаңа магистральдық қала маңы маршруттары іске қосылатынын айтқан болатын

Соңғы жаңалықтар