10:04, 27 Қараша 2023 | GMT +5
Алматыда қала маңына тағы бір автобус қатынайтын болды
26 қарашадан бастап Алматыда қала маңына қатынайтын №216 нөмірлі жаңа маршрут іске қосылды. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Бағыттағы автобус саны – 5, қозғалыс аралығы – 45 минут.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында қалалық Мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін 7 маршрут іске қосылған болатын.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыт ашылады. Олардың есебінен 50 елді мекен тұрақты жолаушылар автобусымен қамтамасыз етіледі.