Алматыда қаланың тарихи келбетін сақтау үшін тұрғын үйлердің қасбеті жөнделіп жатыр
Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен кездесіп, 10 ай ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Kazinform.

Аудан әкімі алдымен электр желісі, су, жылумен қамту бойынша ауданда бар мәселелерді атап өтті.
«Аудандағы электр желілерінің ұзындығы – 1078,4 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері электр желілерінде 320 апат болды. Бүгінгі таңда электр желілерінің тозу көрсеткіші 81%-ды құрайды, ол 873,54 шақырым. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның күшімен биыл 10кВ 50 шақырым кабельдік желіні қайта жаңарту, 26 ТП және 1 РП жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Алматы Су» ШЖҚ МКК балансындағы су құбыры желілерінің ұзындығы 350 шақырымды құрайды. Су құбыры желілерінің тозуы 72,5 % (253 шақырым) құрайды. Жыл басынан бері 130 апат болдын. «Алматы Су» МКК күштерімен биыл 4 учаскеде 1,9 шақырым желіні қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Айту керек, аудан халқы 100% сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген», - деді спикер.
Оның сөзінше сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйесімен ауданда 1395 көпқабатты тұрғын үй қамтылған. Жылу желілері бойынша тозу 62,1%-ды құрайды, ұзындығы 162 шақырым.
Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) бойынша ауданда 3495, оның ішінде 403-і орталық жылытылатын, 3029-ы газбен және 63 үй қатты отынмен жылытылады, бұл 98,2 % құрайды. Жылу желілерінің ұзындығы 261,5 шақырым. Жыл басынан бері 380 апат болды.
Сонымен қатар, биыл Бөгенбай батыр көшесі бойында (Байтұрсынов пен Наурызбай батыр көшелерінің арасы) 400 м жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қосымша 16 мекенжай бойынша жоспарлы жұмыстар аяқталды.
Ауданда су бұру және сумен жабдықтау жүйесінің сорғы станцияларын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Төле би, Әуезов, Әйтеке би, Әйтиев көшелерінің алаңында негізгі сумен жабдықтау сорғысының істен шығуына байланысты апатты жағдай қалыптасты. Бұл сорғы 553-тен астам абонентті (12 көппәтерлі тұрғын үй) сумен қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстары 1997 жылдан бері жүргізілмеген, нысан 2018 жылы иесіз деп танылып, Алматы қаласының әкімдігі энергетика және сумен жабдықтау басқармасының балансына берген. Мұндай жағдай «Панорама» тұрғын үй кешенінде де болды. Қазіргі уақытта «техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары» шеңберінде осы проблеманы жою бойынша жұмыстар басталды. Жұмыстар биыл 20 желтоқсанға дейін аяқталады», - дейді Айдар Жәкібаев.
Көшені жарықтандыру бойынша ауданда екі мыңнан астам шам ауыстырылды.
«Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Алматы Қала Жарық» МКҚК-мен шарт жасасты. Биыл тамыз айынан бері 2391 шам және 18 шақырым кабельдік желі ауыстырылды. Сондай-ақ қараша айына жоспарланған жұмыстар аяқталуда, оның ішінде 4 көшеде (Қазыбек би, Әйтеке би, Жамбыл, Абай) жарықдиодты шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Желтоқсан айының соңына дейін тағы 3 көшеде (Қарасай батыр, Құрманғазы, Абылай хан) жұмыс істейміз», - деді аудан әкімі.

Бүгінгі күні қаланың орталығының тарихи келбетін сақтау үшін тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделіп жатыр.
«Алматының негізгі және қосалқы көшелерінің сәулеттік ансамблін сақтау үшін тұрғын үйлердің бастапқы келбетін қайтарып жатырмыз. Архитектуралық шуды азайтып, сыртқы кондиционерлерді арнайы текстуралы тормен жасырамыз. Бұл жұмыстардың арқасында соңғы жылдары 170-ке жуық үй бұрынғы қалпына келтірілді. Қасбеттерді қайта салу мен жөндеу үшін үйлерді таңдаған кезде біз олардың жағдайын ғана емес, тарихи құндылығын да ескереміз. Ағымдағы жөндеуге барлығы 47 қасбет бойынша жұмыстар кірді. Бүгінгі таңда 44 қасбет бойынша жұмыстар аяқталды. 3 қасбет бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Олар Жарокова к-сі, 4, 10 үйлері және Шевченко, 162 үй», - деді спикер.
Аудан әкімінің мәліметінше, ауданда 25 магистральді көшеге 1500-ден астам қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Тротуарларды жөндеу аясында биыл 14 мекен-жай бойынша 6,1 шақырым тротуарды қайта жаңарту және салу жұмыстары жүрді.
«Аудан аумағында 170 шақырымнан асатын 110 көше бар, оның ішінде магистральдық маңызы бар 35 көше, аудандық маңызы бар 30 көше, жергілікті маңызы бар 45 көше. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары екі кезеңде 29 мың шаршы метр жолды қамтуда. Қазіргі уақытта 3-кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның аясында 10 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған. Осылайша, ауданда жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі жыл соңына дейін шамамен 40 мың шаршы метрді құрайды», - деді Айдар Жәкібаев.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының 2 кезеңі аясында 34 жоба жүзеге асуда.
Бүгінгі таңда 30 жоба аяқталды, 4 жоба жүзеге асуда.
Аудан әкімі Айдар Жәкібаев баяндамадан соң кезекті БАҚ өкілдеріне беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.