Алматыда қалың қар: Әуежайда рейстер кешігіп, көшелерде кептеліс пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр.

Аэропорт Алматы пассажиры Алматы әуежайы жолаушылар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Мегаполис әуежайының онлайн таблосына сәйкес, Алматыдан Астанаға, Тбилисиге, Оралға, Ақтөбеге, Ақтауға, Атырауға, Өскеменге, Шымкентке ұшатын рейс кешігіп жатыр.

Сондай-ақ Астана, Дубай, Абу-Даби, Қостанай, Сеул, Тбилисиден ұшып келетін рейстерде кешігуде.

Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Алматы халықаралық әуежайы 20 желтоқсан сағат 20:45-тен 23:00-ге дейін ұшып келетін рейстерді қабылдамай алмайтынын хабарлайды.

Ұшып кетуші рейстерге метеорологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қызмет көрсетілетін болады.

Қалың қардың түсуіне байланысты қалада көлік кептелісі 10 балдық көрсеткіштерге жетті. Ол туралы мәлімет 2GIS сервисіне шықты.

Қала көшелерінің басым бөлігі, әсіресе әл-Фараби, Абай, Райымбек, Назарбаев даңғылдары мен Рысқұлов көшесі қызыл түсті көрсетіп тұр.

Соңғы жаңалықтар