12:27, 27 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматыда қамыс арасындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ маңындағы қамыс арасынан Toyota маркалы автокөлік пен бейтаныс адамның денесі табылды.

Оқиға 27 тамызда түнде болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Kazinform.kz тілшісіне түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, марқұмның кім екені анықталды.
– Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде, - делінген хабарламада.
Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын жазған едік.