Алматыда қандай көшелер уақытша жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда күзге дейін жол жөндеу және басқа да жұмыстарға байланысты бірқатар жол жабылған. 

жол
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Саин және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жолайырығы бұрылыстарын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Ал бүгін сағат 23:00–ден 23 шілде сағат 6:00–ге дейін батыс жағындағы бұрылыстар жабылады.

BRT құрылысы

Сонымен қатар Желтоқсан көшесінде BRT құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Бүгін сағат 08:00–ден бастап 23 шілде күні сағат 22:00–ге дейін Тимирязев көшесінің Байтұрсынов көшесінен бастап, әрі қарай Желтоқсан көшесі арқылы Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылды. Ал 23 шілде күні сағат 08:00–ден 24 шілде күні сағат 22:00–ге дейін Желтоқсан көшесінің Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығы жабық болады.

Жылу желілерін жаңғырту

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, жолдың астына салынған су желілерін реконструкциялауға байланысты 14 шілде мен 31 тамыз аралығында Орманов көшесі бойымен Төле би мен Құмай көшелерінің арасындағы аумақта көлік қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 14 шілде — 30 тамыз аралығында Жамбыл көшесі — Қожамқұлов көшесінен Шагабутдинов көшесіне дейін жабылды. Ал 25 — 28 шілде аралығында Тоқмақ көшесі — Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін, Ақан-Сері көшесі — Сейфуллин көшесінен Котельников көшесіне дейін жабылады.

30 тамызға дейін жабық көше аумақтары:

— Сәтбаев көшесі — Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін;

— Бұқар жырау бульвары — Байтұрсынов көшесінен Марков көшесіне дейін;

— Ғабдуллин көшесі — Римский-Корсаков көшесінен Нахимов көшесіне дейін;

— Марков көшесі — Бұқар жырау бульварынан «Зайка» балабақшасына дейін;

— Байтұрсынов көшесі — Сәтбаев көшесінен Бұқар жырау бульварына дейін;

— Әйтиев көшесі — Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін.

— 1 қыркүйекке дейін Қожанов көшесінен Дөнентаев көшесіне дейін Жароков көшесі жабық.

45 жылдық құбырды ауыстыру

Алмалы ауданында 1977 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 760 метр болатын жылу желілері ауыстырылады. Осыған байланысты 24 шілдеден 31 тамызына дейін Алмалы ауданында Жамбыл көшесі бойымен Мұқанов көшесінен Мұратбаев көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы жабылады.

Су құбыры және кәріз желілерін тарту

Одан бөлек су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарының басталуына байланысты Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі 1 айға жуық жабылды. 21 шілдеден бастап 10 тамызға дейін Тайбурыл көшесінен Яссауи көшесі, 13а мекенжайына дейін жабылғар. 10 — 31 тамыз аралығында Яссауи көшесі, 13а мекенжайынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Соңғы жаңалықтар