Алматыда Қаппаров көшесі бір түнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қаппаров көшесіндегі аумаққа орташа жөндеу жұмыстары жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 

Алматыда Қаппаров көшесі бір түнге жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

18 шілде сағат 23:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Үшкемпіров көшесінен «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешеніне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жамақаев пен Үшкемпіров көшелері арқылы айналып өтуге болады.

«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылды. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервистерінде жазылған.

Соңғы жаңалықтар