Алматыда қар жауды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыға қар түсті. Бүгін, 1 қазанда Алматыда күн бұлтты әрі жаңбырлы болды, ал қаланың тау бөктеріне қар жауды.

Алматыға қар жауды
Фото: видеодан салынған скрин

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде Медеу, Көктөбе және тауға жақын аудандардан түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Онда тау беткейлерін қар жапқанын көруге болады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда ауа температурасы +6…+7 градусқа дейін төмендеген.

Қала тұрғындарына 2 қазанда да нөсер жаңбыр жауатыны туралы хабарлама келді.

Еске салайық, 2024 жылы Алматыда алғашқы қар 16 қазанда жауған еді.

 

Соңғы жаңалықтар