Алматыда қарумен жүрген ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көше ортасында қару ұстап жүрген ер адам жауапқа тартылды.

Қару
Фото: Pyxabay.com

Әлеуметтік желіде екі ер адамның видеосы шықты. Олардың бірі қару ұстап жүрген. Олар видео авторын балағаттап, видеоға түсірмеуді сұрады. Осыдан соң оқиға орнына полицейлер келген

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

«А. есімді азаматтың қолында пневматикалық мылтық болғаны анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілікі хаттама толтырылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар