Алматыда кәсіпкер Шыңғыс Құрманғалиев ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда кәсіпкер, «Тендер биржасы» ЖШС басшысы Шыңғыс Құрманғалиев алаяқтық ісі бойынша қамауға алынды. 

Шыңғыс Құрманғалиев
Фото: instagram.com/chingis.kurmangaliyev

Kazinform агенттігі тілшісіне бұл туралы Алматы полиция департаменті растады.

Ведомствоның ресми өкілінің мәліметінше, Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қазір Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

— Соттың шешімімен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Алмасбек Садырбай мен оның алты серіктесіне қатысты алаяқтық, қылмыстық кірістерді заңдастыру және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар