Алматыда қалың қар жауып, тұман түседі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда сәрсенбі күні, яғни 8 қаңтар күні қар жауып, тұман және көктайғақ болады.

Алматыдағы қыс
Фото: Алматы әкімдігі

— «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 қаңтарға қараған түннен бастап Алматыда қатты қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-9 °С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…0 °С шамасында болады. 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С, кейде қатты қар жауып, тұман және көктайғақ күтіледі, — деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыдағы қыс
Фото: Алматы әкімдігі

Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.

Негізгі магистральдық көшелер алдын ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарда.

Алматыдағы қыс
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

— Жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Алматыдағы қыс
Фото: Алматы әкімдігі

Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.

Осыған дейін Қазгидромет 21 қаңтарда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар