Алматыда «Қайрат» – «Пафос» матчы алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары арасындағы матч қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Алматыда «Қайрат» – «Пафос» матчы алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: Алматы полициясы

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, трибуналардағы тәртіпті бақылау және стадион маңындағы жол қозғалысын реттеу бағыттарында толық құрамда жұмыс істейді.

Алматыда «Қайрат» – «Пафос» матчы алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: Алматы полициясы

Полицияның мәліметінше, футбол матчы кезінде көлік қозғалыс жартылай шектелуі мүмкін. Ведомство өкілдері сол себепті тұрғындар мен жанкүйерлерге бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарауды ескертті.

– Алматы полициясы футбол кешінің тыныш әрі жайлы өтуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр. Қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына емес, азаматтардың өз жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен ынтымақтастық танытуды сұраймыз, - деді Алматы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді.

Бұған дейін матч билеті сатылымға шыққанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар