Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің сырты жарықтандырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Қазақстан» қонақ үйі ғимаратының сәулеттік жарықтандыру жобасы жүзеге асырылды.

Қазақстан қонақ үйі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала символына айналған нысанға 1800-ден астам заманауи жарық шамдары орнатылды. Олар ғимараттың танымал сәулетін айқындап, кешкі және түнгі уақытта оған айрықша көрініс берді.

Қазақстан қонақ үйі
Фото: Алматы әкімдігі

- Бұл шешім ғимараттың визуалды тартымдылығын арттырып, қалалық ортаға үйлесімді түрде енді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Қазақстан қонақ үйі
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толық аяқталды.

Ал 2024 жылы Алматыда «Көктөбе» телемұнарасында жарықтандыру технологиясы жұмыс істей бастады.

Соңғы жаңалықтар