Алматыда Қажымұқан мен Назарбаев көшелері уақытша жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 30 қазан күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Қажымұқан көшесінің №22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.
Сондай-ақ 30 қазанда сағат 15:00-ден 23:00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс шектеледі. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Осыған дейін газ құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Бұқар Жырау көшесінің бір аптаға жабылғаны туралы жазған едік.