Алматыда қоғамдық көлік қатысқын 400-ден астам жол-көлік оқиғасы болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. 

Алматыда қоғамдық көлік қатысқын 400-ден астам жол-көлік оқиғасы болды
Фото: Kazinform

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда қоғамдық көліктер қатысқан 460-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 600-ден аса адам зардап шеккен. Рейдтік іс-шаралар барысында автобус жүргізушілері тарапынан 2 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталған.

Автопарк басшылары қатысқан жиында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев қоғамдық көліктің техникалық жағдайын, әсіресе қысқы маусым алдында қатаң бақылауда ұстау маңызды екенін айтты.

— Қоғамдық көлік қатысқан әрбір жол апаты — бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп. Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігі — автопарктер мен бақылаушы органдар үшін ең басты басымдық болуы тиіс. Жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігі тек қауіпсіздікке ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сеніміне де тікелей әсер етеді, — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус аялдамаға соғылып, адамды қағып кетті.

Соңғы жаңалықтар