Алматыда қоғамдық көліктер мерекеге сай безендірілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Жаңа жылға дайындық жалғасып жатыр.

жаңажылдық автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Белгілі нысандар мен ғимараттарды безендіру, шағын сәулет пішіндерін орнату және шыршаларды қоюдан бөлек, мегаполисте қоғамдық көліктер де безендірілді.

Қала көшелерінде мерекелік тақырыпта безендірілген 100 автобус пен 50 троллейбус жүре бастады. 

автобус
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматыэлектротранс» ЖШС автопаркі қала тұрғындары мен жолаушылар үшін мерекелік көңіл-күй мен жайлылық сыйлауға тырысқанын атап өтті.

— Автобустар мен троллейбустарды безендіру – Алматыдағы жаңа жылдық ортаны жасауға қосқан үлесіміз, — деді кәсіпорын басшысы Александр Бейсембиев.

Осыған дейін Алматыда Жаңа жыл түні мерекелік отшашу болатыны туралы айтқан болатынбыз.

автобус
Фото: Алматы әкімдігі

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні мегаполис тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады.

Айта кететін жағдай, отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, Алматыны жаңажылдық безендіруге 800 млн теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар