Алматыда қоғамдық көліктің 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда облыс пен қала арасында қатынайтын қоғамдық көліктер жетіспейді. Бұл туралы Алматы мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы барысында мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлім етті. 

Алматыда қоғамдық көліктің 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды
Фото: Алматы әкімдігі

Сағындық Телібаевтың сөзінше, қала маңындағы тұрғындардың басым бөлігі қоғамдық көліктің жетіспеушілігі проблемасына тап болып отыр.Сондықтан олар жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр.

Алматыда қоғамдық көліктің 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды
Фото: Алматы әкімдігі

– Күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік келеді. Қала аумағына кіретін көлік құралдарының жоғары ағынын қысқарту және қала тұрғындарының мобилділігін арттыру мақсатында Алматы әкімдігі 147 қалалық және 54 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне тек 178 маршрут енгізілген. Халық үшін қалған 23 маршруттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу қажет, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

Алматыда қоғамдық көліктің 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, былтыр Алматыда қала маңына қатынайтын 8 жаңа автобус бағыты ашылған болатын. 

Бұған дейін, биыл Алматыда әкімдік және жеке тасымалдаушылар 800 газ автобусы мен 260 электробус сатып алатыны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар