07:30, 02 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алматыда көкөніс сататын дүңгіршек өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Алматылық өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Түнде Бостандық ауданында Ш. Айманов көшесінде орналасқан жеке тұрған көкөніс сататын дүңгіршектің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу өрт орнына бағытталған жеке құрам 15 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді.
— Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады! , — делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, кеше Астанада үш қабатты жатақхана өртенді. Ауқымды өртті сөндіруге 15 техника, 65 қызметкер жұмылдырылды.