Алматыда көлік иелерінің салық бойынша 7 млрд теңге берешегі бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда көлік салығын өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Алматыда көлік иелерінің салық бойынша 7 млрд теңге берешегі бар
Фото: МКД

«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі жоспар аясында салық органдарының, полицияның және жеке сот орындаушыларының қатысуымен өтіп жатыр. Тексеру барысында жеке сот орындаушыларының қаулысы бар борышкерлердің автокөліктері «Сергек» жүйесі арқылы анықталып, берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.

Алматыда көлік иелерінің салық бойынша 7 млрд теңге берешегі бар
Фото: МКД

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазір мегаполистегі көліктердің салығы берешек 7 млрд теңгеден асып кеткен. 85 мыңнан астам автокөлік иесі уақтылы төлем жасамаған.

Алматыда көлік иелерінің салық бойынша 7 млрд теңге берешегі бар
Фото: МКД

Департамент өкілдері қосымша шығындар мен көлікті тәркілеу жағдайларын болдырмау үшін автокөлік иелерін салықты уақытылы төлеуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін сатылып кеткен көлікке салық қалай төленетінін жазғанбыз.