Алматыда көлік кептелісі 10 балға жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көлік кептелісі күшейді.

10-балльные пробки зафиксированы в Алматы
Фото: Kazinform

2GIS картасының мәліметіне сәйкес, Алматыдағы көлік кептелісі 10 балға жетті. Қазір қаланың негізгі көшелерінің бәрі қызыл түспен белгіленген. Күнделікті болатын кептеліс жауын-шашынға байланысты күшейіп отыр.

Алматыдағы көлік кептелісі
Фото: Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қар жауғанын жазғанбыз. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде Медеу, Көктөбе және тауға жақын аудандардан түсірілген видеоларды жариялап жатыр. Онда тау беткейлерін қар басқанын көруге болады.

Сондай-ақ 7 облыстың жүргізушілеріне ауа райының жағдайына байланысты ескерту жасалды.

«ҚазАвтоЖолдың» деректеріне сәйкес, 1 қазанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Абай мен Жетісу облыстарының кей жерлерінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжанып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар