Алматыда көлікке оқ атқандар іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда бейтаныс адамдар автотұрақта тұрған көлікке пневматикалық қарумен оқ атқан. Зақымдаған көліктің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

жол полициясы
Фото: Алматы полиция департаменті

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде адам болмаған. Күдіктілер қозғалыс құралының артқы терезесінен оқ атқан. Алматы қаласының Полиция департменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілерді ұстауға және істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі ломбардқа қарулы шабуыл жасаған адамға сот үкімі шыққанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар