Алматыда көп жыл бойы құрылысы бітпеген нысандар қашан бұзылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласында 1988 жылдан бастап әр жылдары құрылысы тоқтап қалған 13 нысан бар. Kazinform тілшісі аяқталмаған ғимараттарға байланысты жауапты мекемеге сауал жолдады.

Қала құрылысын бақылау басқармасы агенттік сауалына жауап бере отырып, құрылысы бітпеген нысандардың тізімін ұсынды. Сонымен қатар олардың қазіргі техникалық жай-күйі және әрқайсысына қатысты алдағы жоспарлары хабарлады.
Алмалы ауданы
1. Панфилов көшесі, 156 мекенжайындағы ғимарат
Иесі: жеке тұлға
Техникалық жағдайы: құрылыс-монтаждау жұмыстары 2015 жылы басталып, тоқтап қалған.

Техникалық зерттеу жүргізу, оның қорытынды бойынша ұсыныстарды орындау және объектідегі жұмыстарды уақытша тоқтату туралы акт рәсімдеуді міндеттейтін нұсқама берілген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 2 шілдедегі сот шешімімен талап қанағаттандырылып, орындау үшін іс Әділет департаментіне жіберілді.
2. Амангелді көшесі, 52 мекенжайында 8 қабатты әкімшілік ғимарат
Тапсырыс беруші: «Алматыгорремстрой» АҚ
Техникалық жағдайы: құрылыс жұмыстары 2000 жылы 8-қабат деңгейінде тоқтатылған.

Техникалық зерттеу жүргізу және қорытындысы бойынша ұсыныстарды орындау жөнінде нұсқама берілген. Тапсырыс беруші объектінің техникалық жай-күйі туралы қорытындыны тапсырған. Қазіргі таңда нұсқама орындалған.
3. Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысындағы бизнес-орталық құрылысы
Тапсырыс беруші: жеке тұлға (бұрын — «Корпорация Қуат» АҚ)
Техникалық жағдайы: құрылыс жұмыстары 2006 жылы басталып, 2008 жылы 10-қабат деңгейінде тоқтаған.

2024 жылы жер телімінің жаңа иесіне техникалық зерттеу жүргізу және қорытынды негізінде тиісті шаралар қабылдау жөнінде нұсқама берілген. Сол жылы құрылысы аяқталмаған нысанды бұзып, әкімшілік ғимарат пен қызмет көрсету нысандарын салу үшін архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын алу туралы өтініш түскен. Нұсқама орындалды.


4. Масаншы — Жамбыл көшелерінің қиылысындағы 170 орындық жатақхана
Тапсырыс беруші: «А.Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМК
Техникалық жағдайы: құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталып, 2-қабат деңгейінде тоқтаған.

Нысанды техникалық тексеруден өткізу, қорытынды негізінде ұсыныстарды орындау және тиісті актімен бірге консервациялау бойынша нұсқама берілген. Иесі ғимараттың техникалық жай-күйі туралы қорытындыны тапсырды. Нұсқама орындалған.

5. Шарипова көшесінің батысы мен Құрманғазы көшесінің оңтүстігінде орналасқан Зертханалық-клиникалық корпус
Тапсырыс беруші: Денсаулық сақтау министрлігі
Техникалық жағдайы: құрылысы 1983 жылы басталып, 1988 жылы тоқтаған.

Техникалық зерттеу жүргізу, қорытынды негізінде ұсыныстарды орындау нұсқама берілген. Техникалық жағдай туралы қорытынды ұсынылып, нұсқама орындалған. Алайда кейінірек қайтадан зерттеу мен консервация жүргізу жөнінде жаңа нұсқама берілді. Қазіргі таңда нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы сот процесі жүріп жатыр.

Медеу ауданы
6. Достық даңғылының мен Ньютон көшесінің қиылысындағы тұрғын үй кешені
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Техникалық жағдайы: құрылысы 2005 жылы басталып, 2007 жылы тоқтаған. Сот шешімімен нысан бұзылды.
7. «Горный гигант» шағын ауданы, Достық даңғылының батысындағы тұрғын үй кешені
Тапсырыс беруші: «Cargo Rich Soul Group» ЖШС
Техникалық жағдайы: құрылысы 2015 жылы басталып, 2016 жылы 1-қабат деңгейінде тоқтаған.
Техникалық зерттеу жүргізу және оны орындау жөнінде нұсқама берілген. Қазіргі уақытта нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап-арыз берілді.

8. Әл-Фараби-Меңдіқұлов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты автотұрақ
Тапсырыс беруші: «Серт» АҚ
Техникалық жағдайы: құрылысы 2007 жылы басталып, 2009 жылы 2-қабат деңгейінде тоқтап қалған. Жер телімі Қалалық мобильділік басқармасына жобаны іске асыру үшін берілген. Қазір нысанды сүру жұмыстары жүріп жатыр.
9. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағындағы колледж
Тапсырыс беруші: «Алматы» ӘКК» АҚ
Техникалық жағдайы: құрылысы 2014 жылы басталып, 2015 жылы тоқтаған.
Техникалық зерттеу жүргізу жөнінде нұсқама берілген, бірақ орындалмаған. Қазір Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нұсқаманы орындату туралы талап арыз берілген.

10. Ибрагимов көшесі, 7 мекенжайындағы ғылыми-зерттеу орталығы
Тапсырыс беруші: «Инновациялық және ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС, құрылтайшысы — «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры
Техникалық жағдайы: құрылысы 2014 жылы басталып, 3 және 5-қабат деңгейінде тоқтаған.
Техникалық зерттеу жүргізу жөнінде нұсқама берілген. Нұсқаманы орындату бойынша сот отырысы алдағы уақытта басталады.
11. Горная көшесі, 440 мекенжайындағы 125 орындық ғимаратқа қосымша құрылыс
Тапсырыс беруші: «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК
Техникалық жағдайы: құрылысы 2006 жылы басталып, 2008 жылдан бері 1-қабат деңгейінде тоқтаған.

Нысанның техникалық жай-күйі туралы қорытынды негізінде ұсыныстарды орындау жөнінде нұсқама берілген. Нұсқаманы орындату туралы талап арыз қанағаттандырылды. Оны қайта қарауға 20 маусымға дейін өтініш бере алады.
Түрксіб ауданы
12. Красногорская көшесі 52/1 және 52А мекенжайындағы 120 пәтерге екі тұрғын үй
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы
Техникалық жағдайы: құрылысы 2012 жылы басталып, 2014 жылы тоқтаған. Нысан Құрылыс басқармасының меншігіне берілген. Қазіргі таңда техникалық зерттеу жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр.

Алатау ауданы
13. Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысындағы көпфункционалды орталық
Тапсырыс беруші: А.Егембердиев
Техникалық жағдайы: құрылысы 2021 жылы 5-қабат деңгейінде тоқтаған. Нысанға шаралар қабылдау үшін жоспардан тыс тексеру басталды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Сайран көлінің маңында құрылысы аяқталмаған ғимарат бұзылатынын жазғанбыз.
2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін Алматыда рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылған.