Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен 3 жасар бала құлап, мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен кішкентай бала құлап, мерт болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенер болсақ, қайғылы жағдай 27 шілде күні «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан көпқабатты үйде болды.

3 жасар бала
Фото: Kazinform

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен. 

Осыған дейін Қызылорда қаласында бір күнде ересектердің қарауынсыз қалған үш бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар