Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналар жоқ – Әсел Қалықова

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

вакцинация
Фото: stopfake.kz

Спикердің сөзінше, эпидемияға дейінгі маусымның басынан бастап науқастардан алынған 348 материал тұмауға тән емес инфекцияларға зерттелді, оның ішінде 115 полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісі арқылы тексерілді: 57 сынамадан риновирус, 11 сынамадан парагрипп, 22 сынамадан РС, 5- сынамадан метапневмовирус, 5 сынамадан бокавирус, 6 сынамадан -аденовирус, 9 сынамадан маусымдық коронавирус анықталды.

«Коронавирусты ерте анықтау жұмысы әлсіреген жоқ. Бәрі бақылауда. Қаңтардың басынан бастап Алматыда тұрғындар арасында коронавирус ауруының 302 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде - 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп», - деді эпидемиолог.

Сондай–ақ, ол қазір Алматыда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жоқ екенін тілге тиек етті.

«Алматыда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жоқ. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі республиканы QazVac вакцинасымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр», - деді Әсел Қалықова.

Бұған дейін Алматының емдеу мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшетіні туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар