Алматыда көшелер жартылай жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыға Гвинея-Бисау елінің президентінің келуіне байланысты бірқатар көше ішінара жабылады.
– Алматы қалалық Полиция департаменті, Гвинея-Бисау республикасының Президенті Умара Эмбалон 19-20 желтоқсан күні Қазақстанға ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды, – делінген хабарламада.
Ведомстводан мәлім еткендей, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.
– Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз,– деп атап өтті полициядан.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатпен қарсы алғанын жазған едік.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Гвинея-Бисауды Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айтты.
Келіссөздер барысында екі елдің басшылары Бисау порты мен Транскаспий дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келісті.