Алматыда көшенің қақ ортасында көлігін кері жүргізген жүргізуші жазаланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтады.

Әлеуметтік желілерде бірнеше көлік жүргізушісі тарапынан жол жүру ережелерінің өрескел бұзылғаны түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларда қарама-қарсы жолақпен жүру, артқа қозғалу, агрессивті жүргізу және басқа да қауіпті маневрлер бейнеленген.
Қалалық полиция департаменті жүргізушілер анықталып, ереже бұзған көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылғанын хабарлады.
- Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, автокөлікті артқа қарай жүргізген жүргізушілердің бірі сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жол — бейқамдықты кешірмейді, ал жол жүру ережелерін әдейі елемеу жазасыз қалмайды, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 131 мопед айыппұл тұрағына қойылғанын жазғанбыз.