18:18, 23 Ақпан 2025 | GMT +5
Алматыда қойма өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы құтқарушылары осы сәтте қала қоймаларының біріндегі өртті сөндіріп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуезов ауданы Төле би көшесінің бойындағы қойма отқа оранған. Онда құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.
Қазір өрт оқшауланды. Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыған.
— Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс қимылдарының арқасында көршілес жиһаз цехына және техникалық қызмет көрсету станциясына оттың таралуына жол берілген жоқ, — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алматыда қойма өртенгенін жазғанбыз.