Алматыда қойма өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Алатау ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 15 сәуір күні сағат 14:48–де күштер мен құралдар жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Самғау шағын ауданы мекенжайына жіберілді.
— Өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, автоцистерналар өрт гидранттарына қосылды, сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Өрт орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі жасақталды, сондай-ақ өрт сөндіру автосатысы орналастырылды, — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Осыған дейін Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қойма өртенген болатын.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қоймаларында өрт фактілері неліктен көбейгенін жазғанбыз.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қамыс пен шөпті шарпыған өрт оқшауланғаны анықталды.