Алматыда «Құқықтық дәріхана» жобасы жалғасатын болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 2025 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Алматы қаласының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» пилоттық жобасын іске асырды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Бас прокуратура мәліметінше, жобаның аясында құқықтық кеңес беру қызметтері қаланың үш ірі сауда орталығында– «Достық Плаза», «Мега Алматы» және «Гранд Парк» нысандарында көрсетілді. Азаматтарға күнделікті өмірде туындайтын түрлі мәселелер бойынша құқықтық кеңес берілді: құжаттарды ресімдеу, әлеуметтік төлемдер, отбасылық және тұрғын үй мәселелері, тұтынушы құқықтарын қорғау және басқа да бағыттар қамтылды.

Жобаның жоғары сұранысқа ие болғанын және келушілер санының көптігін ескере отырып, оны жалғастыру туралы шешім қабылданды.

2025 жылдың 25 шілдесіден 1 қарашасына дейін «Құқықтық дәріхана» жобасы «Достық Плаза» сауда орталығының базасында жалғасады.

Азаматтарды қабылдау әр аптаның жұма күні сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру, прокуратура органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтармен тиімді кері байланысты орнату.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар