Алматыда құрылысы аяқталмаған тағы бір нысан бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда сот шешімімен құрылысы аяқталмаған нысан бұзыла бастады.

Алматыда құрылысы аяқталмаған тағы бір нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлім еткендей, сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан ғимарат бұзылып жатыр.

Алматыда құрылысы аяқталмаған тағы бір нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

— Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданып, басқарма тарапынан меншік иесіне күрделі темірбетон құрылымын бұзу туралы нұсқама берілген болатын, — деп хабарлады басқармадан.

Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған.
Сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды.

Нысанды бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Бұған дейін, Алматыда құрылысы ұзаққа созылған 10 қабатты нысан бұзылып жатқаны туралы жазған едік. 

Еске салайық, 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін мегаполисте рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. 

Соңғы жаңалықтар