Алматыда құрылысшы басшысын балтамен өлтірмек болған

Алматыда құрылысшы басшысын балтамен өлтірмек болған
Фото: pixabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылысшы басшысына балтамен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. 

Желідегі мәліметі бойынша 29 жастағы құрылысшы өзінің басшысына балтамен шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған. 38 жастағы жәбірлеуінші ауруханаға жатқызылды. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Медеу алдында жанжал туындап, төбелескендердің бірі балта қолданғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар