Алматыда күзетшіні соққыға жыққан күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы полициясы бұл дерек бойынша іс қозғады.

полиция
Фото: Polisia.kz

Алматы тұрғын үйлерінің бірінде көлік жүргізушісі күзетшіні ұрып-соқты. Оның іс-әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. 

Алматы қаласының Полиция департаменті күдікті ұсталғанын хабарлады.

- Бостандық аудандық полиция басқармасы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Істің жан-жақтылығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында жүргізуші «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен бірнеше рет басып қана қоймай, оны ұрып-соққан. Салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды. 

Күдікті Т.- ға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5 тармағы (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-бабының 5-бөлігі бойынша айып тағылды. 

Соңғы жаңалықтар