Алматыдағы күзетшінің өлімі: Сот жабық режимде өтіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет басып өлтірген күдіктіге қатысты сот отырысы басталды.

Терроризмді насихаттағаны үшін екі  азамат 7 жылға сотталды
Фото: Pixabay.com

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдіктіге қатысты сот отырысы ҚІЖК-нің 29-бабына сәйкес жабық өтіп жатыр.

Күдікті Т.- ға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5 тармағы (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-бабының 5-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Бұған дейін прокуратура сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы негізінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 511-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылғанын мәлімдеген еді.

Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 45-бабы, 7-бөлігі, 4-тармағы негізінде тоқтатылған еді.

Кейін тергеу қайта басталды

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында «джип» көлігін мінген жүргізуші «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет басып қана қоймай, оны ұрып-соққан. Салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды

Соңғы жаңалықтар