Алматыда лифт алдына әйелді аяусыз ұрған ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасы тарады. 

зорлық
Фото: Pixabay

Бейнероликтен ер кісі мен әйел адамның арасында жанжал туып, нәтижесінде ер кісінің қол жұмсағанын және өзге екі адамның оқиғаға бей-жай қарап тұрғанын көруге болады.

«Бір ер адам әйелді ұрып жатыр. Екеуі қарап тұр. Бұған не деуге болады? Әйел ер кісімен ажырасқан», – делінген бейнежазбада.

Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар