17:10, 18 Мамыр 2024 | GMT +5
Алматыда әйелді соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда лифтінің алдында әйелді аяусыз ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен «бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полициядан.
Бұған дейін оның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
Кейін аталған жағдайға қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді.