Алматыда Манас көшесі екі күнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде көлік қозғалысы екі тәулікке шектеледі.

Алматыда Манас көшесі екі күнге жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

17 шілде сағат 09: 00-ден 19 шілде сағат 09:00-ге дейін Манас көшесі бойының Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі жабылады. 

«Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп отыр», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» компаниясынан.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде бар. 

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар