Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Екі ай ішінде өкілетті органдар бірлесіп, қоғамдық тәртіп бірнеше рет бұзылған «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді
Фото: Қарағанды облысы прокуратурасы

Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, тіркелген қарудың болуы, түрлі құқық бұзу үшін жауапқа тарту фактілері туралы сауалнамалық мәліметтері, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпаратты қамтитын әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды.

Тексеру 1000-ға жуық заң бұзуды анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде:

  • көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;
  • қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;
  • заңсыз жалға алудың 114 фактісі;
  • жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
  • жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567 фактісі;
  • алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.

— Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап еткен еді

Соңғы жаңалықтар