Алматыда манипулятор құбырды зақымдап, бірнеше үй газсыз қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Түрксіб ауданында жүк көлігі орташа және төмен қысымды газ құбырына соғылды.

Алматыда манипулятор газ құбырын зақымдап, бірнеше үй газсыз қалды
Фото: Qazaq Gaz Aimaq

«QazaqGaz Aimaq» АҚ мәліметіне сәйкес, соққы салдарынан металл конструкциялар тіреуіштерден жұлынып, құбырдың бір бөлігі жерге құлаған. Алдын ала болжам бойынша 150 метр газ құбыры зақымданып, тіреуіштер мен газ инфрақұрылымының элементтері жарамсыз күйге түскен.

Алматыда манипулятор газ құбырын зақымдап, бірнеше үй газсыз қалды
Фото: Qazaq Gaz Aimaq

— Апаттық-диспетчерлік қызмет мамандары оқиға орнына жедел жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында зақымдалған учаскеде газ беру дереу тоқтатылып, металл тығын орнатылды, — деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ.

Қазіргі таңда 9 қабатты тұрғын үй мен апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде уақытша шектеу қойылған 48 жеке тұрғын үй газсыз отыр.

Алматыда манипулятор газ құбырын зақымдап, бірнеше үй газсыз қалды
Фото: Qazaq Gaz Aimaq

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. «QazaqGaz Aimaq» АҚ жол қозғалысы ережелерін бұзу және газ инфрақұрылымы нысандарының жанында абайсыздық таныту тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Щучинскіде кафеде газ қоспасының жарылуынан алты адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум