Алматыда Марков көшесінде қозғалыс шектеледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Құрманғазы көшесі уақытша жабылады.

«Алматы жылу желілері» компаниясынан мәлім еткендей, 27 мамыр кешкі сағат 21:00-ден 28 мамыр таңғы сағат 07:00-ге дейін Марков көшесінде, Бұқар Жырау бульварынан Пожарский көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.

— Уақытша шектеулер 1983 жылы пайдалануға берілген жылу трассасын ауыстыру үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бостандық ауданында Габдуллин — Хамит Ерғалиев, Жағалау маңы — Бұқар Жырау — Байтұрсынов көшелерінің бойында орналасқан, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым құбырды ауыстыру жоспарда.
Бұл жылу трассасы 128 көппәтерлі тұрғын үйді, 25 жеке үйді, 2 балабақша, 1 мектеп, 1 медицина мекемесі және 65 басқа да объектілерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық су берілетін болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылатынын жазғанбыз.