Алматыда масаң күйде көліктерге ұмтылған бұзақы 15 тәулікке қамалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Алматыда Жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы қамалды
Фото: pexels.com

Сот мәліметіне сәйкес, Н. масаң күйде сырт киімін шешіп, өтіп бара жатқан адамдарға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сотта Н. кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

- Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, - деп хабарлады Алматы сотынан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендегенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар